Бала өлімі азайған

Рудный қалалық перинатальды орталығының бас дәрігері Галина Баландина өткен жылдың басты көрсеткіштерін баяндады.
1422870368_dsc_1340 Оның айтуынша, бала өлімі облыстық және республикалық көрсеткіштен еке есеге төмендеп 1000 адамға шаққанда 5,7-ні көрсетіп отыр. Өткен жылы дүниеге келген 1577 нәрестенің 18-і егіз, біреуі үшем. Жалпы табиғи өсім 2009 жылмен салыстырғанда 57 пайызға өскен. Рудныйлықтың орталық Лисаков, Жітіқара қалалары мен Федоров, Қамысты, Таран ауданының тұрғындары да қызмет көрсетеді. Айта кетерлігі, былтыр 60 млн теңгеге жабдықтарын жаңартқан перзентхана үйі перинатальды орталық болып өзгертілген болатын. Сондықтан да көрсетілетен қызмет сапасы да жаңа деңгейге көтерілді.
Галина Кашифовна ана атануға ең қолайлы уақыт 20-35 жас аралығы екенін сөз етіп, жастарды көпбалалық арқылы демографияны қолдаууға үндеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓