Су тазалаудың тың технологиясы
Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев халыққа есеп беру жиыны кезінде жаңа технология Қазақстанда алғаш рет қолданылғалы отырғанын айтты.
Әкімнің айтуынша, бұл жоба қалада биыл жүзеге асатынын айтты. Су тазарту үшін хлор диоксиді ғана емес, оған "Рекомин-Кс" аталатын реанент қосылады. Бұл қоспа суды анағұрлым сапалы әрі қауіпсіз, залалсыз етіп тазартады. Бұл тұрғыда ресейлік "Красная звезда" компаниясы көмектеседі.
"Бір ерекшелігі, су тазарту шығыны азаяды. Ескірген зиянды технологиядан бас тартамыз, құбырлар коррозиясын 2-3 есеге кемітеміз. Бұл экологияға да оң ықпал етеді. Ал үнемделген қаржы тарифтердің тұрақтылығын ұстауға жұмсалады",- деді әкім.