Мерейтойлық марапат

«Тәуелсіздік тарландары»  жобасы аясында Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықов ұзақ жыл бойы аудандық ІІБ жол полициясы бөлімінің бастығы болған мемлекеттік қызмет ардагері Серік Айдарбекұлы Жұмабековпен  кездесу өткізді.  Ол «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін»  медалімен марапатталған. Республикалық және облыстық деңгейдегі грамоталары мен алғыс хаттары бар.Сондай-ақ, аудан басшысы «Тәуелсіздік тарландары»  жобасы шеңберінде  және аты аңызға айналған актер Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына орай  балалар шығармашылық үйінде С. Қожамқұловтың қызы Салиха Сераліқызымен кездесті.  Даңқты актердің қызы әкесінің бірнеше шығармасын оқыды. Естеріңізге сала кетейік, Серке Қожамқұлов – Қарабалық ауданының тумасы, актер, Қазақстанның Халық әртісі.Кешегі  мемлекеттік қызметшілер күніне байланысты аудан әкімі Руслан Болатұлы  «Тәуелсіздік тарландары»  жобасы аясында мемлекеттік қызмет ардагерлерін грамоталармен марапаттады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓