Аудан экономикасы қарқынды дамып келеді
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі А.Кенжеғарин халық алдында есебін берді. Оған облыс әкімінің аппарат басшысы А.Әбенов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Соңғы екі жылда ел – экономикасы ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге көтерілді. Біздің аудан аумағында пәлендей егін шаруашылығы қарқынды дамымаса да төрт түлік мал өсіріп, мал шаруашылығын кеңінен өркендетуге қолайлы жер. Тек ол үшін мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана білу керек. Жоғарда айтқандай екі жыл көлемінде “Сыбаға”, “Жұмыспен қамту-2020 жол картасы”, “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламалары бойынша жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары несие алып, оның игілігін көруде. Сондай – ақ, жылма – жыл олардың қатарыда өсіп келеді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары көкейтесті сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алып, аудан әкімінің атқарып отырған жұмыстарына қанағаттанарлық бағаларын берді.
Байбатыр Ахметбеков
қанағаттандыралық баға берліпті ол дегеніміз 3 деген сөз
"Үштің өзі күш" демекші, сол үшке татыса ғой….Сен тимесең мен тиме…… дегенге салып уақыт өткізіп, …бәленше жендім,бейбак көндімге салғыздырған—бұл заман….