Жеңіс күніне арналды

женис кунине арналгаеАуданда Жеңістің 70 жылдығына арналған "70 игілікті іс" атты акция аясында жемісті істер жүзеге асырылуда. Солардың бірі – аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынып жатқан шаралар.
Айталық, 2014-2015 оқу жылынан бастап,  № 1 Урицк орта мектебінде директордың бекіткен жоспарына сай  көптеген игілікті істер орындалып келеді. Қыркүйек айында оқушылар бұл шараның шымылдырығын соғысқа қатысқан боздақтардың есімі  тізбектелген ескерткіш маңын қоқыстан тазартумен ашқан. Одан кейін колледждегі даңқ мұражайын аралап, кең көлемде көкейге ой тастар ақпараттарға қанықты. Бұдан түйген өз әсерін 4-сынып оқушысы Даниал Такенов  өлеңмен өрді.
Сондай-ақ, шарапатты шара аясында қатысушылар сұм соғыс туралы шығармалар жазып, суреттер салып, Жеңістің жетпіс жылдығына жүрекжарды туындыларын арнап жатыр. Жалпы, алдағы уақыттарда балалар жоспарға сай соғыс ардагерлерінің үйін аралап, олардан сұхбат алмақ. Мерейлі мерекелерде ардагерлерді ардақтамақ…
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓