Көкшулан жалғыз кезбейді

Қыс түссе қасқыр қаптайды. Далада бейсауыт жайылған малды жарып кету өз алдына, көкшуланның кісіге шапқан оқиғалары да аз емес. Бұрнағы жылдары қасқырлардың ауыл-ауылға кіріп кеткені жәйлі газетте хабарлағанбыз.  Биылғы жағдайды білу үшін  облыстық аңшылар және балық аулау қоғамының бірлестігіне тағы хабарластық. 
beautiful-wolf-picture– Үстіміздегі жылы біздің өңірде түз тағыларының жортуылы азайды. Далада кездескен бірлі-жарымды қасқырлар аңшылардың құрығына ілікті, – деді бірлестік кеңесінің төрағасы Анатолий Коваленко.
Бірлестік берген  мәліметтерге сүйенсек, облыстың үш ауданында ғана  жыртқыштардың көзі жойылыпты. Мәселен, Арқалықта бес, Меңдіқара   ауданында он екі, Әулиекөл ауданында елу екі қасқыр атып алынған. 
Әдетте, аң біткен аяз күшейген  кезде ашығады. Жемтік іздеген жыртқыштардың кезбейтін жері қалмайды да,  ауылдың ішіне кіруден қорықпайды. Сондықтан,  сақ жүрген жөн деп кеңес береді мамандар.
Ермекбай
     ХАСЕНОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓