Естеліктер жинағының тұсаукесері
"Халқым деп соққан жүрегі". Ы.Алтынсарин атындағы Ар-қалық мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің екі мәрте төрағасы болып сайланған, мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты азамат, біртуар тұлға – Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов жайлы осындай атаумен шыққан естеліктер жинағының тұсаукесері болып өтті.
Жинақтың құрастырушылары Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын С.Тұрғынбекұлы мен ауыл шаруашылық саласының ардагері С.Тапаев тағылымды кештің құрметті қонағы болды.
Ізгілікті шараны институт ректоры, академик С.Қуанышбаев жүргізіп отырды. Қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов, ел ақсақалдары мен кезінде қызметтес болған әріптестері О.Алмат, К.Ақан, Ж.Өмірбек, Қ.Ағуанов, Қ.Нұрманов, Ю.Устинова, Аманкелді ауданынан қатысқан арнайы делегацияны бастап келген Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Х.Мұсабаевтар ғибратты естеліктер айтты.
Жаңа кітап Астана қаласындағы "Фолиант" баспасынан 1000 данамен басылып шыққан.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.