Балалар да «компьютербасты» болып бара ма?
Бүгінде: — «Менің балам, компьютерден бас алмайтын болыпты» — деген әңгімені ата-аналардың аузынан жиі еститін болдық.

Әрине, бұл тұрғыда әр үйдің әні басқаша айтылып жүр, жыры да жырым-жырым. Компьютерге қолы жеткендер оны әрдайым әдет қылса, ал әлі жетпегендер әлек болады. Тағы бір таңқалмайтын болған жәйт, тіпті, бесіктен белі шықпаған сәбилер де сенсорлы телефондарды еркін еңсеріп, оны ұйықтап қалғанша екі қолынан тастамайтын болған. Ал, ата-аналардың баласының бұл қылығына басы ауырмайды, қайта қуанып, балам, бәрін біліп алады деп мақтанышпен масайрайды. Алақандарынан заманауи техниканы тастамайтын балаларын «ардағым» деп арқасынан қағып, «білгішім» деп басынан сыйпайды. Бірақ, бұл дүниелердің бәрі балаларға зиян екендігін неге зейінімізге түймейміз? Бұдан үйдегілердің өзі бейхабар болса, оны бала қайдан білсін? Денсаулығын дендеп алар бұл дертті әдетке айналдырған бала ертең қалай әдепті болмақ?
Жалпы, тәрбие – тал бесіктен басталады. Сондықтан, қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмесек болғаны…
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.