Шаңғышылар шықты сайланып…

20150131_123721Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінде 1-4 сынып  оқушылары ата-аналарының арасында шаңғыдан жарыс болып өтті.
– Өзіңіз білесіз, үстіміздегі 2014-2015  оқу жылы өңірімізде отбасы мен мектептің  арасындағы  өзара  қарым-қатынас жылы деп жариялан-ғанын. Әрине, мектепте  ата-ана, мектеп,  оқушы үштік одағы бірлесе жұмыс атқарса, саналы тәртіп пен сапалы білім өз нәтижесін берері сөзсіз. Сондықтан да 1-4 сынып оқушылары  ата-аналарының арасында шаңғыдан  сайыс ұйымдастырдық. Біріншіден, ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату болса, екіншіден, салауатты өмір салтын насихаттау, – деді бізге мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жансая  Исмайлова.
Шаңғы  жарысына  барлығы он алты ата-ана қатысты. Жарысты мектептегі денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Қ.Шәйкенов, Ч.Серікбаев ұйымдастыра отырып, ең алдымен жарыс бағдарламасымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Ата-аналар топ болып сайысқа түсті.  Жарыс барысында ата-аналар  бірін-бірі  дауыстап көтермелеп, қолпаштап отырды. Тартысты өтті.  Нәтижесінде  бірінші  орынға 2-сынып ата-аналары,  екінші  орынға 1-сынып және 3-сынып ата-аналары ие болды. Ал, үшінші орынды 4-сынып оқушыларының ата-аналары жеңіп алды.    Шаңғы жарысы барысында  әйелдер арасында  үшінші сынып ата-анасы  Махаббат Қапышева, ерлер арасында  екінші сынып оқушысының ата-анасы  Нұрлан Ермағамбетов озық шықты. Әдеттегідей, жарыс қорытындысында жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. 
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: жарыстан көрініс.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓