Бердібек Сапарбаев: «Жұмыс орындарын қысқартуға жол бермейміз»

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен өңірімізге келді. Үкімет басшысының орынбасары бірден «АгромашХолдинг» АҚ-на ат басын тіреп, облыс басшылары, кәсіподақтардың облыстық кеңесі және кәсіпорындардың басшыларымен өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және Қостанай облысының жұмыскерлерінің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
IMG_5134сми– Былтырғы жылдың қараша айында Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелерімен өткізген жиын кезінде алдағы уақытта дағдарыстың қайталанатынын айтып, оған қарсы бірқатар бағдарламалар әзірлеуді тапсырған болатын. Елбасы, әсіресе, дағдарыс қарапайым халыққа, орта және шағын кәсіпкерлікке салмақ болмау керектігін қадап айтты. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында айтылған тапсырмаларға орай жұмыс орындарын сақтап қалуға күшімізді жұмсаудамыз. Ел Үкіметі экономиканы әлсіретпеу үшін облыстарды аралап, бизнес өкілдеріне, тауар өндірушілерге қолдау білдіру мақсатын қолға алып, кешенді бағдарламаларды жүзеге асырмақ. Осындай шаралардың маңыздысы – өндірістердегі жұмыс орындарының қысқартуына жол бермеу. Қайта дағдарыс кезінде республика бойынша кем дегенде 400 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бұл мақсатта 8 мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп жатыр, – деді Бердібек Сапарбаев.
Өңірімізге Бердібек Сапарбаевпен бірге Үкімет мүшелері және еліміздің бірқатар облыстарынан ірі кәсіпорын басшыларының келгенін айта кету керек.
IMG_5113смиЖиын соңында «Евразиялық топ» ЖШС мен облыс әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ мен  облыс әкімдігі, «Қостанай минералдары» АҚ мен «Новопек» ЖШС,  «Қостанай минералдары» АҚ мен «Қарағанды Резина Техника сауда үйі» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ мен «МехлитКом» ЖШС, «KEGOK» АҚ мен «Қазақ арматура-изолятор зауыты» ЖШС жетекшілері жалпы сомасы 1 млрд. 847 млн. теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойысты. Жалпы екі күн бойы өңірде 30-ға жуық меморандумға қол қойылып, оның жалпы құны 18 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланған.
IMG_5221смиIMG_5208смиIMG_5232смиIMG_5255смиIMG_5274смиIMG_5287смиIMG_5173сми
 
Қыдырбек Қиысханұлы
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

   

 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Жедел салыпсыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓