Өнертапқыш өрендер

01

Ақтөбе қаласында техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық жарыс бойынша жас техниктердің республикалық слеті болып өтті. Біздің облысымыздан  Қостанай қаласындағы техникалық шығармашылық, Жітіқара ауданындағы балалар шығармашылығы мектептерінің өнертапқыш техниктері қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Слетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.  Слет барысында  он жеті команда техникалық бағыттың бес түрінен, авиа, кеме, зымыран, радиобасқарылатын моделдер және робототехника бойынша  сынға түсті. Біздің командамыз слет нәтижесінде  жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Авиамоделдік спорттың "Авиапланерлер" класында жеке есепте  А.Хакимов  бірінші  орынға, ал, кордалық моделдер класында  Д.Мырзағұлов  үшінші орынға ие болды. Екеуі де Жітіқара ауданының балалар шығармашылығы мектебінің оқушылары. Радиобасқарылатын моделдер сайысының екі класында Қостанай техникалық шығармашылық мектебінің оқушысы Е.Қабдоллин 1-ші және 2-ші орынды жеңіп алды. Кеме моделі спорты бойынша Ф-2-Ю класында  Ю.Зубков  2 орынды иеленді. Жеңімпаздар  бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, оқушылардың жетекшілері мен тәлімгерлері А.Карпуть пен Н.Сыздықовқа алғыс хат пен сертификаттар берілді.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓