NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда

 

Назарбаев Зияткерлік мектептері NIS-тің әлемдік стандарттарын растайтын беделді еуропалық сертификатқа ие болды. Германиядағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде Күләш Шәмшидиноваға NIS Педагогикалық шеберлік орталығын жаңа сертификаттау туралы куәлік табысталды.
Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. Бұл – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім беру сапасы» атты өзекті бағдарламасын шартсыз сертификаттау. Мюнхен қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Денис Рогов NIS-ті жаңаша танылуымен бірінші болып құттықтады.
ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жоғары стандарттары мен Педагогикалық шеберлік орталығының кәсіби жетістіктерін мойындады.
ACQUIN бағдарламалық және институционалды аккредиттеу бөлімінің басшысы Ясмин Рудольф NIS-тің Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялағанын ерекше атап өтті. ACQUIN аккредиттеу бөлімінің үйлестірушісі Юлия Балакший сертификаттаумен жұмыс істеген ACQUIN-нің Швейцария мен Германиядағы сарапшылары өздерінің білім беру жүйелерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кәсіби командасы дайындаған табысты шешімдерді енгізуге дайын екендерін жеткізді.
– Педагогикалық шеберлік орталығы қосымша кәсіптік білім беру жүйесінде сыртқы сараптамаға арналған бағдарламаларды елімізде бірінші болып ұсынды. ACQUIN өкілдері Педагогикалық шеберлік орталығының барлық бағдарламалары шартсыз сертификаттаудан бірден өткенін айтты, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.
Жаңа танылу ПШО-ның үш жыл бойы беделді еуропалық агенттікте өтіп жатқан маңызды аккредитацияларының ауқымды сериясын жалғастырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓