Қайырымдылықтың шегі жоқ
Республикамызда өтіп жатқан "Біз мектепке барамыз" атты акцияға Қостанай қаласындағы М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі ұжымының да қосқан үлесі бар. Бұл туралы әлеуметтік педагог Марал Нүрке былай дейді:
– Бүгінде осындай қым-қуат қарбалас шақта өзге адамдарды құрметтеуге, оларға түсіністікпен қарағанымыз жөн. Себебі, адамға адамгершілікпен, адами қасиетпен қарау – ол біздің ата салтымыз, дәстүріміз. Енді бұл ак-цияның басты мақсаты – мектепке дейінгі мекемелер мен даярлық сыныптардағы көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан баларға көмек көрсету, қол ұшын беру. Әрине, біздің педагогтар ұжымынан да осындай отбасы балалары назардан тыс қалмады деп айтуға болады. Атап айтсақ, даярлық тобындағы төрт балаға "Мектеп қорынан" қаржы бөліп, мектеп сөмкелерін сыйға тарттық.
– Сіздің мектеп ұжымы осы акциямен шектелмейтін шығар?
– Енді педагогтарымыз үнемі оқу жылы бойы түрлі қайырымдылық шараларына атсалысып, үн қосып, қолымыздан келгенінше көмектесуге тырысамыз. Тұр-мысы, жағдайы төмен, көпбалалы отбасы я болмаса ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, мүмкіндігі шек-теулі оқушы балаларымызға қандай көмек берсек те, бүгінгі күнде артық болмайды. Оқу жылы бойы жалпы бес жүз отыз бір мың теңге көмек көрсе-тіппіз. "Мектепке жол", "Қамқорлық аясында", "Жақының жаныңда" се-кілді қайырымдылық акцияларына үн қаттық. Осы оқу жылында жоғарыдағы айтып кеткен санатқа жататын қырық тоғыз оқушыға төрт жүз мың теңгеге спорт, аяқ киімдер, күрте, басқа да балаға қажетті заттар сатып алып бердік. Жаңа жылда сый дорбалар жасаймыз Жуырда ұжымымыз "Жақыныңа көмектес" атты акция аясында облысымыздағы "Қызыл Жарты Ай" қоғамының төрт мың сегіз жүз теңгенің купонын алдық. Осы шағын көмегіміз біреуге демеу болып жатса, оның көкірегіне мейірім шуағын төктік деп ойлаймыз, – деді бізге М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Марал Нүрке.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: қайырымдылық шарасынан көрініс.