“КӨК ТҮРІКТЕР” ансамблі концерт қояды

Біздің жерлесіміз, әйгілі жиһангер, белгілі меценат, Әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс атындағы қоғамдық қайырымдылық қорларының президенті, генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың тең төрағасы Сапар Ысқақұлының ізгі істері елге мәлім. Торғай аймағындағы археологиялық экспедиция ұйымына 180810 теңге төледі. Дамаск қаласында Сұлтан Бейбарыс кесенесінде қазба тастарды орнатуға қатысып, 1058400 теңге көмек көрсетті. Жүргенов атындағы өнер институтында өткен қазіргі заман биінің халықаралық сайысының сәтті өтуіне атсалысты. "Тілеп" қайырымдылық қорын құрды.
1411120012_kok_turkilerСапар Ысқақұлының осы кезге дейін елі үшін атқарған игі істерін айтып тауыса алмайсыз. Ол – жиһангерлікпен әлемнің жүзден астам елі мен жерін аралап саяхаттай жүріп, Оңтүстік полюс пен Солтүстік полюске барып, сонда тәуелсіз Қазақстанның көк туын желбіреткен және Қостанай облысының туын ілген қазақ. Меценаттық, қайырымдылық жолымен өнер мен мәдениетке қаржы бөліп, қамқорлық көрсетіп жүретіні көпке мәлім. Сапар Ысқақовтың ынтасымен және ұйытқы болуымен "Оңтүстік мұнай-газ" компаниясының президенті, техника ғылымдарының докторы, ғалым Серікжан Сейітжанұлы мен "Марсель-групп" компаниясының бас директоры Махмұд Нәлібаев екеуі Торғай өңірінен мұнай табу үшін қаржы бөліп, игілікті іске кірісіп кетті.
Астанадағы Қобыз сарайы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қар-саңында бой көтеріп, қала сәулетіне сәулет қосқан көрікті ғимараттардың біріне айналды. Астанамызда арнайы Қобыз сарайының салынып, іске кірісуі республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Онда қазір қазақтың қылқобыз бастаған "Көк түріктер" атты көне ұлт аспаптар ансамблі құрылып, көрермендерге қызмет көрсетуде. Қобыз сарайының сыртқы келбеті еш ғимаратқа ұқсамайтын ерекше болса, ішкі концерт залының көрік-сәулеті де көз сүйсіндіреді.
Биылғы жылдың ақпан айының сегізі күні түскі сағат екіде Ілияс Омаров атындағы Қазақ драма театрында Сапар Ысқақовпен кездесу өтеді. Кездесуде әйгілі "Көк түріктер" ансамблі концерт қояды. Билеттер театр кассасында сатылады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓