Азық-түлік себеті – аз қамтылғандарға
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қашықтықтан оқыту кезеңінде, яғни қыркүйек-қазан айларында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды тамақтандыру туралы ақпарат жариялады.

2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында қашықтан оқыту кезеңінде облыстың 10 өңірінде тегін тамақтандырылуы тиіс 7 267 баланың отбасыларына 31 млн теңгеге азық-түлік себеттері беріледі.

Азық-түлік себеттерін келесі санаттағы оқушылар ала алады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

