Аманкелділік футболшылар топ бастады

Қостанай қаласында 1997-1998 жылғы жасөспірімдер арасында шағын футболдан облыстық турнир басталды. Шараның басты мақсаты жастарды спортқа баулу, зиянды әдеттерден сақтандыру екенін айта кетейік. Жарысқа облыстың барлық аудандары қатысуда. Командалар төрт топқа бөлініп ойнап жатыр.
b3270d55Бірінші топтың фавориті саналған Рудныйдан келген «Аят» күтпеген жерден Аманкелді ауданы құрамасына 2:3 есебімен ұтылып қалды. Алма кезек шабуылдарымен ерекшеленіп, көрермен көзайымына айнала білген аманкелділік жас шебер Айдос Науанның соққан голы ойын тағдырын шешті.  Бұл турнирдің бірінші ойыны еді. Топтық ойындар ертең жалғасын табады. – «Аят» мықты команда. Бірақ, біз бапкер қойған тактиканы орындай білдік. Бүгінгі ойында екі доп соққаныма қуанамын. Біздің көздегеніміз – осы турнирдің бірінші орыны,- дейді  жас футболшы Дастан Тұрсынов.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓