Үлкендердің үлгілі жарысы
Бейімбет Майлин ауданының «Жастар ресурстық орталығы» Әйет ауылында «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы аясында скандинавиялық жүрістен жарыс өткізді.

Турнирге 60-75 жас аралығындағы тұрғындар қатысты. Олар жас айырмашылықтарына қарай бақ сынады. Атап айтқанда, 60-65 жас аралығындағылар 1 шақырым жолды артта қалдырса, 66-70 және 71-75 жастағылар 800 метрді жүріп өтті.

«Скандинавиялық жүріс денсаулыққа өте пайдалы. Әсіресе, біз секілді егде жастағыларға жақсы. Ұзақ жыл мұғалім болып жұмыс істегенмін. Зейнетке шығып, осы спортпен айналыса бастадым. Міне, үш-төрт жыл өтті, қазір өзімді жеңіл сезінемін», – дейді жеңімпаздардың бірі, Елизаветинка ауылының тұрғыны Нина Якубовская.


Марапаттау сәтінен соң ардагер спортшылар жергілікті музейге барды. Одан кейін аудандық кітапханада ардагерлер кеңесі кабинетінің ашылуына куә болды.