Портреттік кеш өтті
Облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайыныда тұңғыш рет өткізілген портреттік кеш Қазақ ССР ағарту ісінің озық қызметкері, ақын М. Жапаровтың өмір жолына арналды.

Ол сан қырлы өнер иесі. Спринттік қашықтықтан облыс чемпионы. Бүкіл Қазақстандық 2 – ші ауыл спорт ойындарына қатысушы. Волейбол, қол добы, бес сайыс түрлерінен облыстық жарыстардың жүлдегері.
Қой өсіруші комсомол жастарға тәлімгерлік жасап, медициналық сауықтыру лагерін үлгілі ұйымдастырғаны үшін "Жастар тәлімгері" құрметті атағын иеленіп, "Оныншы бесжылдықтың екпіндісі" одақтық төсбелгісін омырауына таққан.

Молдатай ағаның ақындық қыры да айшықты. "Жүрегімнің жақұт жырын арнадым", "Торғайым – алтын бесігім" жыр жинақтарын жарыққа шығарды.
Тағылымды кешті мұражай директоры Г. Елтебаева қорытындылап, кеш иесіне естелік сыйлық табыстады.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы