Жат ағымдардан сақтандыруда

Тәрбие басы – имандылық. Мұхтасиб Әлмұхаммед молла атындағы Арқалық қалалық мешіті ел арасында имандылық шараларын кеңінен насихаттауда.
DSCF5801 – Қазіргі уақытта қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, жан – жақты жат ағымдарға байланысты оқу орындарында, мекемелер мен ұжымдарда халықпен кездесулер өткізіп жатырмыз. Көздеген мақсатымыз жастарымыздың жат ағымдардан бойын алшақ ұстауы. Теріс пиғылдағы адамдар көше бойын жағалап, парақшалар таратып, жат ағымдарды насихаттауға бейім тұрады. Тағы бір айта кететін жайт, ел ішінде діни кітаптар көптеп таратылып жатады. Мұқабасын  өрнектеп, "қасиетті кітап" деп атап қоюы мүмкін. Мұндай кітапты ала қалған жағдайда   бастапқы бетін ашып оқу керек. Онда «Қазақсатан мұсылмандары дініи басқарамасының сараптау комиссиясы мақұлдаған» деген жазу болуы шарт. Ағайындарға айтпағымыз кез келген кітапты оқымағандары жөн болады. Өйткені, оның артында жасырын бір сектасы болмаса басқа бір бағыты тұрады. Сондықтан, дін жөнінде қандай да бір мәселе туындай қалса, ол туралы мешіт имамдары мен ұстаздарынан түсінік алғандары жөн, – дейді қалалық мешіттің наиб имамы Нұрхан қажы Асанұлы.
 DSCF5747Ақпараттық топ таяуда №1, №6 мектептерде, Торғай гуманитарлық колледжінде кездесулерін өткізді. Кездесуге жоғары сынып оқушылары, ұстаздар мен ата – аналар қатысты. 
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓