15-ші республикалық слет басталды
Қостанай. Бүгін қаладағы Спорт сарайында жас жол қазғалысы инспекторларының 15-ші респуликалық слетінің салтанатты ашылуы болды. Қазақстанды есептемегенде, Қырғызстаннан және Ресейден қатысушылар келген. Үздік деген ат үшін, бас-аяғы, 220 үміткер сынға түсетін слет осы айдың 19-на дейін жалғасады. Өтетін орны – «Мерей» жазғы сауықтыру лагерінің базасы. Олар командалық та, жекелей де сынға түсіп, шығармашылық, ойындық және сайыстық бағдарламалар бойынша мүмкіндіктерін ортаға салмақ.
Жандос Жүсіпбек