Прокурорлар өткен жылдың қорытындысын саралады
Бүгін облыстық прокуратурада облыс прокуроры Марат Қайыбжановтың әкімі төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оған облыс әкімі Н.Садуақасов, Бас прокуратураның департамент бастығы Ә.Аманбаев, облыстық прокуратура органдарының барлық жеке құрамы қатысты.
Жиында өткен жылда атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі басымдыққа ие әрекеттер айқындалды.

Алдағы кезеңде азаматтардың, әсіресе, жұмыс орындарының қысқаруы мен жұмыстан босату, жалақының кешіктірілуі мен төленбеуі сияқты жағдайлардағы еңбек құқықтарының сақталуы басым сипатқа ие болып қалмақ.
Салық төлеуден жалтару және заңсыз кәсіпкерлік қызметтен жалтару жолдары анықталды. Прокурорлардың талап арызы бойынша қызметі заңсыз 26 кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден бас тартылды.сонымен қатар салық төлеуден жалтару фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша лаңкестік идеяларды насихаттайтын 18 интернет ресурстарының жұмысына тыйым салынды.
Шұға Қоңқабай