Әскери ант қабылдады

IMG_6138Қостанай қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы №6697 әскери бөлімінің жас сарбаздары Отанға және халқына адал болуға ант беріп, қатардағы жауынгер атанды.
Салтанатты рәсімге екі жүзге жуық жас сарбаз қатыс-ты. Олар Алматы, Астана, Орал, Көкшетау қалаларынан келген азаматтар. Сап түзеген Отан қорғаушылар маңызды құжатты қабылдап, еліне-жеріне адал болуға, қалтқысыз қызмет етуге, әскери өмірдің қиындығы мен ауыртпалығына төтеп беруге серт берді. Жауынгерлік рәсімге №6697 әскери бөлімінің командирі, полковник Қанат Байсақов, ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Мұрат Әтібеев, ҰОС-ның және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары куә болды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери антының мәтіні 1992 жылы 25 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бұл ант мемлекеттің азаттығы мен тәуелсіздігін, абыройын жанкештілікпен қорғаудың құқықтық және адамгершілік сипатын айқындайды. Әскери антта  Қарулы Күштердің негізгі міндеттері және жауынгерлердің маңызды қасиеттері кандай болуы керектігі көрсетілген.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Суретте: Әскери ант қабылдау рәсімінен көрініс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓