Нан неге қымбаттады?

IMG_5613цв1Дүниенің бәрі қымбаттағанда нан бағасы ғана өспеп еді. Осы уақытқа дейін бағаның негізсіз шарықтауына жол бермей келген облыс әкімдігі бұл жолы еш қайран қыла алмады. Неге?
Астықты өңірде 1 сортты нанның (600 грамдық) бөлшек саудадағы бағасы 2010 жылдан бері 42 теңгеден асқан жоқ. Бұл  республика бойынша ең төменгі баға. Керісінше соңғы бес жылдың бедерінде Қостанай облысындағы наубайханаларының жалпы шығыны 40%-ға өсіпті. Оның ішінде көгілдір отын 19 % -ға, жанар-жағар май 83 %  -ға, электр энергиясы 23 %-ға артқан.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне сүйенсек,  кәсіпорын басшылары нан бағасын көтеру туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған. Өйткені, өнімнің өзіндік құны бөлшек саудадағы бағадан анағұрлым жоғары. Яғни, шыққан шығынды ақтамайды. Әрі-беріден соң бұл кәсіпорынды техникалық және технологиялық жарақтандыруға, жұмысшылардың жалақысын өсіруге едәуір кедергі. Баға саясаты өндіріс орындарының экономикалық көрсеткіштеріне де кері әсерін тигізетінін жоққа шығаруға болмайды.
Сондықтан, 1 сортты ұннан пісірілген 600 грамдық нанның бағасын 4 теңгеге немесе 9,5 %-ға өсіруден басқа амал қалмай тұр. Енді наубайханаларда бір бөлкенің құны 44 теңге тұрса, ал дүкендер 46 теңгеден сатпақ.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓