Бағдарламаға бөлінген қаражат көлемі қысқарды

Елбасы "Қазақтан 2050 стратегиясы " Жолдауында ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету екендігін атап өткен болатын. Осы мақсатта бүгінде елімізде орта және шағын бизнесті өркендетуге біраз жағдай жасалып, түрлі бағдарламалар да жұмыс істеуде. Соның бірі – "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы. Бірақ биыл аталған бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгі-зіліп отыр, яғни оған қарастырылған қаржы көлемі біршама азаймақ. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыстық кәсіпкерлікті және индустриалдық-инновацияны дамыту басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев мәлімдеді.
578eaf8dabff55c39c1014abed63c15dОсыдан бес жыл бұрын қолға алынған аталмыш бағдарламаның арқасында Тобыл өңірінде түрлі салада  400-ге жуық жоба мақұлданып, бизнес бастамаларды қолдауға 7 млрд. теңгеден астам қаржы құйылды. Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2.млрд.738 млн. теңге бөлініп, жүз елуден астам жоба іске қосылған көрінеді. Ал, биылғы жылы бұл мақсатқа 1,5 млрд. теңге бөлініп отыр, яғни қаржы көлемі 43 пайызға азайып отыр.
– 2014 жылы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлініп, 152 жоба мақұлданды. Облыс бойынша екінші деңгейлі банктермен 668 млн. теңге көлемін-де несие берілді. Ұсынылған жобалардың үлесі өнеркәсіп, көлік тасымалдау салаларына тиесілі.  Былтырғы жылы жаңадан кәсіп бастаймын деген кәсіпкерлер үшін де тиімді болды, гранттық қаржыландыру жобасы бойынша ісін жаңадан бас-таған кәсіпкерлер қайтарымсыз грантқа ие болды, – дейді М.Сөкітбаев.
Сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымды дамыту мақсатында өңірде өткен жылы төрт жоба қаржыландырылған. Мәселен, мемлекет қолдауын сезінген кәсіпорындардың қатарында пластикалық терезелер шығаратын өндіріс цехы мен үй-құрылысы комбинаты да бар. Бұл нысандарға жылу мен инженерлік коммуникациялар тартылып, осы мақсатқа 128 млн. теңге жұмсалған.
Ал, Соколов-Сарыбай кен байыту акционерлік қоғамы қолға алған цемент зауытының инженерлік желілеріне бұдан үш есе артық қаржы құйылды.
Басқарма басшысы баяндағандай, бүгінде бағдарламаның игілігін көріп, оны жүзеге асыруда белсенділік танып отырғандардың үлесі облыс орталығы мен Рудный қаласында көрінеді. Сондай-ақ, Қостанай, Қарабалық, Меңдіқара аудандары да игі шараның игілігін көруде. Керісінше Аманкелді, Науырзым аудандарында бұл бағдарламаны жүзеге асыру белсенділігі төмен, бес жыл ішінде небәрі екі-ақ жоба ғана мақұлданса, ал Федоровта бірде бір жобаға өтініш түспеген.
Облыс әкімі Н.Садуақасов атал-ған бағдарламаның арқасында кейбір аудан, қалалардың экономикалық қуатының артқандығын, бірақ биылғы өзгерістердің шағын және орта бизнес саласындағы жағдайды қиындатуы мүмкін екендігін айтады. Сондықтан, биылғы жылға бөлінген қаражаттың 1 млрд. 10 млн. теңгесі жаңа бастамаларға емес, былтырдан қалған жобаларға жұмсалатын болатын. Сол себепті, сала басшыларына бюджет қаражатын үнемдеп, тиімді жұмсау қажеттігін қадап тапсырды.
– Дегенмен, қаражаттың аз бөлінуі кәсіпкерлердің белсенділігін төмендетпеуі тиіс. Сондықтан, кәсіпкерліктің аясын кеңейту үшін келешегі зор тиімді жобаларға басымдық берілуі керек. Әрине, бюджет қаражатына енгізілген өзгерістерге байланысты бұл саладағы жағдай қиындауы да мүмкін. Ол үшін кәсібін дөңгелентікісі келетін іскер азаматтар аймақтық Даму қорының да мүмкіндігін  мейлінше пайдаланғандары  жөн, – дейді  облыс әкімі Н.Садуақасов.
Қарлығаш
     ОСПАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓