8 адам газдан уланды
Арқалық қаласының Новый ауылында тұратын бір отбасының 8 бірдей мүшесі иіс тиіп жазым бола жаздады. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өкілі Уәлихан Дусанов мәлімдеді.

Қазіргі таңда жергілікті ауруханада 2005, 2011 жылдары туған екі бала ем алуда. Қалғандары дәрігерлердің ұйғарымымен келесі күні үйлеріне жіберіліпті.
Мешіт Ғазиз