Ел боламын десең, бесігіңді түзе. М.ӘУЕЗОВ. Тал бесіктің қадірін жете түсініп жүрміз бе?

IMG_5256Ежелгі дәстүрге дем беріп, қолөнерді жанына серік еткен жандардың бірі – Байқал Туысхан. Хас шебердің қолынан келмейтіні жоқ. Киіз үй жиһаздарынан бастап, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарға дейін жасайды. Керек  десеңіз, киіз үйдің өзін дайындап, тігіп береді.
Байқал Туысхан – Монғолияның Өндэрхан деген жерінен қоныс аударған қазақ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында отбасымен атажұртқа оралып, Қарабатыр ауылына қазық қаққан. Әкесі Туысхан көзі тірісінде ағайынға аты мәлім қолөнерші, мүсін жасаудың шебері болған. Бала күнінен әкесінен бір елі қалмайтын Байқал ата кәсіпті көре жүріп үйреніп алады. Мұндайда қазақ "Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер" демес пе еді?
– Қарабатыр ауылында тұрғанымызда әкеммен бірге ақын-жазушылардың мүсіндерін жасадық. Сол кісінің қасында бала кезімнен жүріп үйрендім, көр-дім. Қолөнер бабадан балаға берілетін қасиет шығар. Себебі ізденіп, оқыған-тоқығаныңмен, икемің болмай жатса ол да бір кем дүние. Әкем-нің шеберлігі маған да дарығандықтан ұлы өнерге қиянат жасамайын деп іске кірістім, – деді Байқал Туысхан.
Безимени-3Байқалдың әкеден қалған кәсіпті жанына серік еткеніне жиырма жылдай болыпты. Осы уақыт ішінде шеберлігін шыңдап, көптің ризашылығына ие болды. Оның қолынан шыққан әсем дүниелер Қазақстаннан өзге шетел асып сатылуда. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын қостанайлық журналист жігіт етке арналған қазақы астауға тапсырыс беріп, оны Кореяға алып кеткен. Былтыр Германиядан келген меймандар да астауды ұнатып, сатып алады. Кейіпкеріміз Алтын адамның киімін де дайындады, оны көкшетаулықтар тапсырыспен жасатқан. Шаһарымыздағы мейрамханалардағы астаулар да осы кісінің қолынан шыққан. Қаламыздағы мұражай қызметкерлері көбінесе батырлардың қару-жарағы мен ер-тұрмандарына тапсырыс береді екен.
Кейіпкеріміз алғашқы жылдары күмістен сақина және сырға соқты. Кейін қайыстан ер-тұрман, жүген, өмілдірік сынды ат әбзелдерін жасауға көшті. Былтыр сексен литрлік күбі жасағаны бар. Адалбақан, сақ патшасының киімі, түрік патшаларының киімдері, батырлар киген сауыт-сайманына қоса бес-қаруын сайлап береді. Тек тапсырыс берсеңіз болғаны. Тапсырыстан тыс ештеңе жасамайды. Себебі, оған материал алуға қаржы жоқ.
Шебер өзінің жеке дүкенін ашып, ұлттық дүниелерді жарқыратып қойғысы-ақ келеді. Жақсы ойдың жүзеге асуына ақшаның аздығы қол байлау болып отыр. Сондықтан "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы бойынша несие алғысы келеді. Ұлттық өнерді өркендетуге қолдау білдіретін жанашыр болса деген тілегі де бар. Кішкентай шеберханасын кеңейтіп, заманға сай станок алуды да қалайды. Себебі, қазір қолданып жүргені ескі көрік пен көне қол сүргі.
Байқал Туысхан болашақта он екі қанатты киіз үй жасауды жоспарлап жүр. Оның іші мен сыртын өрнектеп, безендірсем дейді. Шаңырақтан бастап уыққа дейін оюлап, киіз үйдің ішіндегі жиһаздарды түгел орналастырғысы келеді.
Безимени-2– Қазіргі тігілетін киіз үйлердің іші-сырты жұпыны, безендірілуі нашар. Киіз үйге кіріп келгенде қазақылықтың иісі бұрқырап тұ-ратындай деңгейге жеткізу – арманым. Қазақтың әр үйінде ұлттық нақыштағы бір дүние болса қандай тамаша. Ой көп, оны жүзеге асыратын ақша жоқ, – деді шебер.
Қолөнер шеберінің айтуына қарағанда, Қостанай  мен  Әулие-көлден бесікке тапсырыс беру-шілер көбейген. Кейіпкеріміздің бесік жайлы да айтары бар.
– Бесіктен безінуге болмайды. Бесік көрген бала тәр-   биесіз болмасы анық. Өз басым бесіктің басын иіп жасаймын. Талдан жасалған бесік тамаша болады, – деді.
Қолөнерші ұлттық музыкалық аспаптарды да ұмыт қалдырмаған. Домбыра жасауда Қарақалпақстанның өрік ағашы мен Ресейдің қарағайын қолданады. Негізі тау қарағайынан жасалған домбыра тұнық үнді болады деді.
Ата  кәсіппен нан тауып отырған Байқал Туысхан екі баланың әкесі. Қызы тұрмысқа шыққан. Ұлы Алтынбек былтыр әскерге шақырылған. Қазір Қарағанды қаласында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуде. Баласының қолынан да іс келеді екен. Алтынбегі әскерден келген соң әкелі-балалы болып ата кәсіпті ары қарай дамытпақ ойы бар. 
СУРЕТТЕРДЕ: Байқал Туысхан шағын шеберханада; Қолөнершінің жасаған бұйымдары.  
Бетті дайындаған
Қымбат ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓