Өңірде өндіріс саласы өркендеуде

Былтырғы жылы барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толды. Осы жылдар ішінде тәуелсіз Қазақстанның өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасып, дамудың жаңа сатысына қадам басты. Халық қалаулыларының бастамасымен шешімін тапқан мәселелер де баршылық. Қостанай облыстық мәслихатының атқарған өзге де жұмыстары өңірдегі баспасөз клубындағы брифингте айтылды.
Изображение 2 050Баспасөз конференциясына қатысқан Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов өңірдегі экономика және әлеуметтік саланың дамуын баяндады. Сонымен қатар журналистердің сауалдарына жауап беріп, бірқатар мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты.
Изображение 2 068-Ел тәуелсіздігінің 23 жылы ішінде мемлекетіміз көпке үлгі боларлық жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның стратегиялық дамуын әлем халқы мойындады. Мінекей, бұл дегеніміз біздің ұстанған бағытымыздың оң екендігін білдірсе керек,-деді облыстық мәслихаттың хатшысы С.Ещанов.
Изображение 2 090Облыста мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу көрсеткіштері көңіл қуантарлық. Мәселен, «Ақ бұлақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге арналған. Бағдарлама бойынша өткен жылы он млрд.теңге бөлінген. Алтынсарин, Федоров, Сарыкөл, Таран, Денисов аудандарының тұрғындары «Ақ бұлақтың» шапағатын көріп отыр.
Изображение 2 058Қостанай облысы республикада аграрлы аймақ ретінде белгілі. Ал бүгіндері өңірде өндіріс саласы жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр. Соның ішінде машина құрастыру жұмыстары алға басты. Қостанайда құрастырылатын темір тұлпарлардың саны жыл сайын артуда. Өткен жылы Toyota Fortuner автокөлігінің құрастырылғаны тағы бар.
Изображение 2 083-Облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен шешімін тапқан проблемалар жеткілікті. Мәселен, 20-30 жыл бойы жөндеу көрмеген Диев-Әулиекөл тасжолын қалыпқа келтірдік. Сол аумақтағы депутат Олег Даниленко аталған бағыттағы жолды жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлуге мұрындық болды,-деді облыстық мәслихаттың хатшысы С.Ещанов.
Изображение 2 094Изображение 2 075
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓