Ат тергеу туралы білгім келеді

Құрметті  редакция  ұжымы!  Мен  былтыр  тұрмысқа шығып, келін атандым.   Жасқа толмаған нәрестем бар. Бұрын-ғының ат тергеу және оның мән-мағынасы туралы білгім келеді.
Шолпан ОСПАНОВА.
Науырзым ауданы.
 
Қазақтың келіндері ата-енесі, қайын ағасы, қайын сіңілісі мен қайныларының атын атамаған. Бұл дәстүр халқымызда "Ат тергеу немесе ат қою" деп аталады. Дәстүр бойынша келін отбасы мүшелеріне өзі ат қойып алады. Мұның бәрі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге бастайтын әдептіліктің, сыйластықтың белгісі. Мәселен, жеңгелері үйдегі қыз балаларды "шырайлым", "кекілдім", "үкілім", "арайлым", "сырғалым", "шашбаулым", "күлімкөз", "ерке қыз" деп, ал ер балаларды "кенже бала", "ерке бала", "төре жігіт", "мырза жігіт" деп еркелете атаған.
Ат тергеу-ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Қазақ халқында өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып саналады.
 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Келін болып түскен соң 2жылдан кейін үлкен абысыным босанды. Оның баласына ат тергеуім керек пе. Атын атай берейін бе.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓