Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысқан Жітіқаралық Виктор Школин 52 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді.
Еліміздің түпкір-түпкірінен қатысқан 152 мықтының арасынан суырылып шыққан былғары қолғап иесі спорт шеберлігіне үміткер көрсеткішін орындап, еліміздің құрама командасына қосылды.