Есінен айырылған келіншек жақындарын іздейді

Қостанайда есінен айырылған жас келіншек туыстарын іздейді, деп хабарлайды "Костанайские Новости".
Қостанай қалалық ауруханасының жүйке аурулар бөлімінің меңгерушісі Игорь Хванның айтуынша, ақпан айының соңында әйелді ауруханаға полицейлер жеткізген. Бір айдан бері ауруханада жатыр. Ол қайда екенін және кім екенін білмейді.20170313165252«Жасы 30-35 шамасында. Біз түрлі зерттеулер жүргіздік. Бас сүйек-ми зақымы байқалмайды, жалпы жағдайы қанағаттандырарлық. Алайда, ол датаны да, жасын да, атын да білмейді. Тек өзінің тегін – Миглер деп айтты және оны Марина деп атауды өтінді. Бірақ Миглер оның шын тегі екенін білмейміз. Әлдеқашан ауруханадан шығаруға болар еді, бірақ қайда жібереміз?», – дейді дәрігер.
Маринаның болжауынша, ол Екатеринбургте немесе Қостанайда тұрады. Қостанайда оның егде жастағы туысы тұруы мүмкін.
«Мен балаларым бар деп ойлаймын. Бірақ ештеңені есіме түсіре алар емеспін. Өтінемін, көмектесіңіздерші. Мүмкін, мені танитын боларсыздар. Мен есіме түсіре алмаймын, тіпті өмір сүруден шаршадым», – дейді Марина.
Жергілікті учаске полицейі барлық деректер базасын тексерді, бірақ қазақстандық базада ондай жан «тіркелмеген». Полицейлер оны суретке түсіріп алды, енді іздеу жарияламақ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓