Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында бес жүзге жуық қостанайлық шағын несиеге алды.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Е.Жаулыбаевтың айтуынша, бөлінген қаражаттың бәрі игерілді. Шағын несие алып, өз кәсібін кеңейткендердің арқасында 291 жаңа жұмыс орны құрылған.