Студенттер мен кәсіпкерлер альянсы құрылды

Алпысбаев Жасулан Турганбекович_1Президент Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан  кәсіпкерлері  конгресінде "Тұрғындардың 60 пайызы шағын бизнесте еңбек еткенде ғана еліміз тұрақты дамиды" деп атап өткен болатын. Алайда бұл көрсеткіш дамыған елдермен салыстырғанда бізде төмен.  Бүгінде Рудный индустриялық институты студенттері арасында облыстық, республикалық ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздары бар. Олардың көпшілігі болашақта өзінің жеке бизнесін ашуға қызығушылық танытып отыр. Жастардың осы сұранысын қанағаттандыру мақсатында институт базасында консультативтік-кеңес беру органы ретінде студенттер мен кәсіпкерлердің Альянсы құрылды. Пилоттық жоба Еурокеңес елдерінің халықаралық тәжірибелерін ескере отырып жасалды. Альянс-тың құрамына кеңес пен бизнес мектебі кіреді. Бизнес мектебінің жұмысын "Экономика" кафедрасының меңгерушісі үйлестіреді. Ол үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыттары саналатын металлургиялық кешен, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру, көлік инфрақұрылымы, энергетикалық қауіп-сіздік және қызмет көрсету саласын қамтиды. Сол секілді қоғамның белсенді мүшесі болып табылатын және экономикасы мықты, әлеуметтік бәсекеге қабілетті Қазақстанды құру үшін ауқымды әлеуетке ие жастарды кәсіпкерлікке тарту, оларды ынталандыру. Студенттер арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттап, кәсіпкерлік рухты қалыптастыруға оларға барынша көмек көрсету және жас кәсіпкерлердің өз кәсібін ашуына мұрындық болу. Бизнес мектепке тыңдаушыларды қабылдау тәртібі қатаң және 25-30 студент қана оған қабылданып, курс соңында арнайы сертификаттарға ие болады.
Бүгінде Альянстың толыққанды әрекет етуі үшін Рудный қаласы кәсіпкерлерімен ынтымақтас-тық орнату жөніндегі ұсыныстар жасалды. Алайда аталған саладағы кәсіпкерлер өз тәжірибелерін студенттермен бөлісуге асығар емес. Біз, әсіресе, экономикалық дағдарыс жағдайында  қоғамның негізі болып табылатын шағын және орта бизнестің дамуына  барлығымыз  атсалысуымыз қажет. Нақ осы сектор мемлекеттің экономикалық өсімін тежейтін көптеген мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратыны анық. Сондықтан да алдағы уақытта студенттер мен кәсіпкерлердің Альянсына Қостанай облысының кәсіпкерлері қолдау көрсетіп, жобаның табысты жүзеге асуына өз септігін тигізер деген үміттеміз.
Жасұлан АЛПЫСБАЕВ,
 Рудный индустриялық институтының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓