Жабыққанға пана

Қостанай қаласында әйелдерге қатысты қылмыс өткен жылдармен салыстырғанда азайған. Қала полицейлері бұған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және басқа да қабылданған шаралар арқылы қол жеткіздік деп есептейді. Алайда, үй тиранының қолынан зардап шеккендерге арналған баспана бар. Онда бас сауғалап келушілер бастапқыда болжанғаннан екі есе көп. Полицейлер тұрмыстық келеңсіздіктердің құрбандарына өздерін қалай заңды түрде қорғай алатынын еске салды.
"Тұрмыс" профилактикалық іс-шарасы, "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" акция-сы есепке алынған отбасылармен жұмыстар жүргізілді. Қостанай полициясы отбасындағы жанжалдардың санын азайту үшін түрлі шаралар қабылдауда. Көбінесе ерлізайыптылар арасында жиі ушығады, алайда балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа да әсер еткен мысалдары да жеткілікті.
"1965 жылы туған қызы 1942 жылы туған анасын қуып шыққан. Ол оны ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Аталған факті бойынша жедел алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Әжейді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға орналастырдық. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді. Қазір заңгерлік кө-мек және психологиялық көмек көрсетілуде", – дейді Қостанай қалалық полиция басқармасының ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ләззат Жамалиденова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қақтығыстың себебі 56 жастағы қызының 79 жастағы анасын түсінгісі келмеуі сылтауынан болған. Зейнеткер басқалар сияқты үйден кетуге және алты ай бойы баспанада болуға құқылы. Айта кетейік, дағдарыс орталығында қазір жәбірленуші-лер саны шамадан асып кеткен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓