Қос ел құтқарушылары бірікті
Ресей Федерациясының аумағында Ресейдің ТЖМ Челябі облысының Бас басқармасы мен Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді. Ресей мен Қазақстанның шекаралық өрт сөндіру бөлімшелерінің құтқарушылары трансшекаралық аумақтағы орман өрттерін жою бойынша бірлескен іс-әрекеттерді пысықтады. Оқу-жаттығулар Челябі облысының Октябрь ауданындағы Крутоярский елді мекенінің аумағындағы Қостанай облысы, Федоров ауданының шекарасында өткізілді.Оқу-жаттығулар кезінде нақты жағдайларда шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе өткізу пунктері мен қолданыстан тыс пунктерінен жеңіл өту тәртібі бойынша өзара іс-әрекеттер пысықталды. Бірлескен іс-қимыл және трансшекаралық ТЖ туралы ақпаратты тарату бойынша жеке құрамды практикалық жетілдіру жүзеге асырылды.????????????????????????????????????[/caption]
Оқу-жаттығу ойы бойынша 31 мамыр күні сағат 09.00-де Крутоярский елді мекеніне жақын жерде шөптің жануы байқалды. Құтқарушылар құрғақ өсімдіктердің жануы ауылшаруашылық орындарынан 2 км/сағ жылдамдықпен елді мекен мен Қазақстан шекарасы жаққа қарай тарайтынын лезде анықтап, табиғи апаттың алдын алды. Трансшекаралық табиғи өрттерді жою үшін практикалық іс-әрекеттерді өтеуге барлығы: ресейден – 28 техникалық бірлік пен жеке құрамнан 94 адам, қазақстандық тараптан – 5 техникалық бірлік және 9 адам іске жұмылдырылды.
Қорытындысын шығару кезінде екі елдің барлық құтқару бөлімшелерінің ұйымшылдығы мен үйлесімділігі байқалды.
Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы