ҰОС ардагерлері дабыл түймелерімен қамтамасыз етіледі

Еліміздегі барлық ҰОС ардагерлері 30 сәуірге дейін дабыл түймелерімен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жайында  Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Өмір жолы 24» қоғамдық қорының директоры Эрнар Нұрбеков хабарлады.
information_items_41105
– Ұлы Отан соғысы ардагерлері «Өмір жолы» дабыл түймелерінің ең басты мақсаты Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қажет уақытында көмек қолын созу болып табылады. Бұл жүйені АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Ресей сынды шет елдердегі тәжіриберлерді көре отырып іске қосуды қолға алдық. Аталмыш жүйе Қазақстан аумағына «Самұрық-Қазына» қорының демеуімен алғаш рет еңгізілгелі отыр, – деді қор директоры.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 5083 ҰОС ардагерлері тұратындығын айтқан Э.Нұрбеков:
– Біздің мақсат солардың барлығын арнайы дабыл түймесі бар мобильді құрылғымен қамтамасыз ету. Аталмыш жоба еліміздегі бірде бір ардагер қамқорлықсыз қалмауы үшін жасалып жатыр. Бұл науқан Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ардагерлер ұйымдарының бізге берген кестесі бойынша кезекпен осы дабыл түймесіне қосылатын болады. Бұл науқанды осы жұма, яғни 23 қаңтар күні бастап, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓