Көкөніс көлемі көбейтілді
Биыл Қостанай облысының тұрақтандыру қорына 500 тонна ұн, 40 тонна күнбағыс майы, 2 тонна сары май, 50 тонна макарон өнімдері, 5 тонна тауық еті, 50 тонна күріш, 20 тонна қарақұмық жармасы, 204 тонна қант және 3 млн жұмыртқа сатып алынды. Бұл өнімнің бір бөлігі сатылып кеткен, қазір Тобыл ӘКК атап өткендей, тұрақтандыру қорында 435 млн теңгеге 2,5 мың тоннадан астам түрлі азық-түлік өнімдері сақталуда.
"Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы жұмыс жүріп жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1 млн дана жұмыртқа, 70 тонна сәбіз, 50 тонна пияз және картоп сатып аламыз", – деді "Тобыл "ӘКК" АҚ бас менеджері Ғизат Кәленов.
"Тобыл" ӘКК атап өткендей, биыл көкөніс былтырғыдан көбірек сатып алынады. Өйткені, өткен жолғыдай тапшылық сезілгенде күрт қымбаттап кетуі мүмкін. Мысалы, сәбіздің келісі 600 теңгеге дейін жеткен еді. Сондықтан, бұл өнім әдеттегіден 50 тонна артық сатып алынады, бұрын 20 тонна ғана болатын. Сонымен қатар, 450 тонна картоп алынады. Бірақ әзірге оны жеткізіп берушілер әлі іздестіріліп жатыр. Өңірлік тұрақтандыру қорынан басқа, облыс әкімдігі қажетті азық-түлік өнімдерін сататын немесе өндіретін кәсіпкерлерге үстемесі азайтылған несие беріп көмектеседі. Бизнес нысандары қазірдің өзінде 1 млрд теңгеден астам қаражат алған және ӘКК тағы 5 кәсіпкерлік субъектісімен шарт жасасып отыр. Мысалы, өндірістік базаға 7 мың 270 тонна күнбағыс майын өндіру және сату үшін 245 млн теңге қарыз берілген, ал "Север Птица" құс фабрикасына 5,4 млн дана жұмыртқа өндіру және сату үшін 200 млн теңге бөлінді. Осы тетік аясында белгіленген төмендетілген бағамен 700 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылған. Айтпақшы, тұрақтандыру қоры өнімдерінің бір бөлігі сенбі күні Қостанайда өткен жәрмеңкеде сатылды.
Аслан Қанғожин