Астана тұрғыны Торғайда заңсыз аң аулаған
Облыста заңсыз аңшылық фактісі тіркелді. Полицейлер Аманкелді ауданы аумағында аң аулаған астаналықты ұстады.
Арқалық-Торғай жолында аңшының машинасын тексерген тәртіп сақшылары атыс қаруы мен 30 патронды тәркіледі. Жүргізуші аңшы куәлігін көрсетіп, өзін босатады деп ойлаған еді, алайда, полицейлер заңсыз атыл-ған аңдардың терілері мен етін тауып алды. Аңшы бір доңыз, екі қоян, 13 құр мен бір қасқырды атып алған екен. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің "Заңсыз аңшылық" бабы бойынша материал жиналып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.