“Газель” жүргізушісі есірткімен ұсталды
17 қаңтар күні Қостанай-Меңдіқара автожолында 35 жастағы жүргізушінің "Газель" машинасын тоқтатып, тінткен полицейлер есірткі оралған буманы тапты. Оның ішінде 5 грамм марихуана бар болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-2 "Есірткі заттарын заңсыз сақтау" бабы бойынша материал жиналды. Тергеу жүргізілуде.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша әзірлеген
М.Қабдрахметова.