Тұтыну бағалары
Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 107,1% құрады.
Жыл басынан азық-түлік тауарларына бағалар 8,0% көтерілді;
азық-түлік емес тауарларға бағалар 6,8% жоғары болды;
ақылы қызметтер көрсетуде бағалар мен тарифтер 6,2% өсті.
Азық-түлік тауарлары
Жемістер және көкөністер 13,9% қымбаттады, нан-тоқаш өнімдері және жармалар – 10,7%, сүт өнімдері – 7,9%, ет – 7,7%, қант – 7,1%, алкогольсіз сусындар – 5,8%,
кондитерлік өнімдер, балық және теңіз өнімдері – 4,8%-дан, алькогольдік ішімдіктер – 4,0%, май және тоң майлар – 0,6%.
Жұмыртқа 19,5% арзандады.
Темекі өнімдері 22,7% қымбат болды.
Азық-түлік емес тауарлар
Бағаның жоғарлауы кеңсе тауарлары және сызу құралдарына (12,4%),
фармацевтикалық өнімге, тұрмыстық құралдарға (10,2%-дан), киім мен аяқ киімге (8,7%), жеке пайдалануға арналған аспаптар, құралдар және өзге де заттарға (7,5%), тұрғын үй жайларға қызмет көрсету мен жөндеуге арналған материалдарға (5,7%), үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника және тұрғын үйге ағымдағы қызмет көрсетуге (5,6%) болды.
Жанармай 1,3% қымбат болды.
Ақылы қызметтер көрсету
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерден орталықтан жылыту 14,7% қымбаттады, ыстық су – 12,2%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 5,6%, электр энергиясы – 5,4%, кәріз – 1,0%, қоқыс жинау – 0,4%. Денсаулық сақтау қызметтері 8,7%, сақтандыру – 7,0%, білім беру – 6,9%, құқықтық – 6,8%, жолаушылар көлігі – 2,9% қымбаттады, байланыс – 0,7% арзандады.