Тауарды айырбастап алуға бола ма?

Көптеген дүкендерден "Тауар айырбасталмайды және қайтарылмайды" деген жазуды жиі көреміз. Бұл заңға қайшы. Кейде біреулер сатып алып, үйіне әкелген соң оның көңілінен шықпайтындығына немесе сай келмейтіндігіне көз жеткізіп жататын кездері болып тұрады. Мұндай жағдайда, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14, 30-баптарына сәйкес сатып алушының қолында тауарды сатып алғанын растайтын құжаты болса, бүлінбеген (тіптен пайдаланылмаған) тауарды 14 күн ішінде сол тауарға ұқсасына айырбастап алуына болады. Егер құжатты жоғалтып алған болса, тұтынушының тауарды айырбастап алуы немесе қайтаруы сол сатып алушыдан (өндірушіден) тауарды сатып алғанын дәлелдеген жағдайда ғана мүмкін болады.
V-kakikh-sluchayakh-pokupatel-mozhet-pretendovat-na-vozvrat-uplachennykh-denezhnykh-sredstvТек бұл ереженің дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, іш киімге, шұлық-ұйық бұйымдарына,  жануарлар мен өсімдіктерге, метрлеп сатылатын тауар-   ларға, атап айтқанда, талшықтан жасалған маталардың барлық түрлеріне, трикотаж және тұтас перде маталарына, жасанды теріге, кілем бұйымдарына, матаға жатпйтын мате-риалдарға, бауға, шілтерге,  жиектемеге, сымға, кабельге, линолеумге, багетке, таспаға, клеенкаға қатысы жоқ.
Ал өндірушіде айырбастауға қажетті тауар болмаса, сатып алушы төлеген сомасын қайтарып алуға құқылы. Заңды оқып, өз құқығыңызды біл-геніңіз абзал.
И.Ланц,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау  департаментінің бас маманы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓