Жылытамын деп, өртеп алды

Рудныйдан шыға берісте құтқарушыла жүк көлігі өртенді. Жүргізушісінің денесін күйік шалып, қалалық ауруханаға жеткізілді. фура
Қаланың №1 мамандандырылған жасағына Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы "Виктория" дәмханасы маңында фураның кабинасы өртеніп жатқандығы туралы дабыл келіп түскен. Оқиға орнына құтқарушылар мен екі автоцистерна жөнелтілді. Олар келіп жеткенде көлік жүргізушісін ауруханаға алып бара жатқан. Оның беті мен қолдарын күйік шалған.
Жалын жүк көлігінің кабинасын толығымен "жалмап" кетті. Алдын ала айтылған деректер бойынша, ол кабинада жанарғыны пайдаланып тамақ жылытып жегісі келген. Арты келеңсіз жағдайға соқтырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓