Қаңғыбас иттер қаптады

gorozhan-ukrainy-bolshe-vsego-bespokojat-brodjachie-sobaki-infografika_1Бүгінде қаңғыбас ит – қоғамның өткір мәселесіне айналды. Қыс басталғаннан бері бұл мәселе біздің өңірде де қылыштың жүзіндей өткірленіп барады. Бұл туралы біздерге ауданның мал дәрігері Төлеген Жүндібаев айтып берді.    
Оның айтуынша, өңірде иттерді ұстау шарасының өткізіліп жатқанына бірнеше апта болған, бірақ неғұрлым көп ұстағанмен, солғұрлым көше иттері көбейіп барады. 
"Бәрін айт та, бірін айт" – демекші, аудан көшелеріндегі  қаңғыбас иттер дәл қазір бақылауда, бірнеше аптадан бері осы мәселе бойынша мал дәрігерлері жүйелі жұмыс істеуде. Нәтижесінде, 140-қа жуық төрт аяқты жануар ұсталған. 
Жалпы, "Ақтаң" МКМ қызметкерлері аталмыш жағдайды бір  жобаға келгенше бақылауда ұстамақ.  Жақын арада мұндай шаралар  Тимирязев, Тәгіл, Севастополь ауылдық округтерінде де жүзеге аспақ. 
Бірақ бір өкініштісі, аудандық орталық ауруханаға екі аптаның ішінде қаңғыбас иттерден зиян шеккен үш адам келіп түскен. Біздер үшін мұндай жағдайлардың болмағаны маңызды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓