Тәжірибеге – тағы бір пән

Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдері 70 сертификат иеленді. Енді олар жоғары сынып оқушыларына "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінен сабақ беруге құқылы.Айта кету керек, оқытушылар мемлекеттік бағдарлама аясында бизнес дағдыларын үш жылдан бері оқытып келеді. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлік негіздері, нарықтық тепе-теңдік және маркетинг туралы білім алды.
Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында сертификатталған бизнес-тренерлер педагогтарға  сабақ өткізуде.
"Сабақтар белсенді тренингтер түрінде өтеді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары сынып оқушылары үшін экономика негіздерін зерделеуді практикаға бағдарланған тәсіл, кейстер және жалпы кәсіпкерлікті зерделеу кезінде пайдаланылатын басқа да әдістер арқылы енгізу қажет", – деп атап өтті бизнес-тренер Алтын Халитова.
Биыл төрт лек оқуға қабылданған. Осы жылдан бастап бұл пән мектеп бағдарламасындағы негізгі пәнге айналды.
"Бұл курстар аса қажет. Біз бұл пәнді қалай оқыту қызықты болады деген сұраққа жауап алдық. Біз алған барлық білімді тәжірибеде қолданамыз. Бизнес-тренер Алтын Халитоваға креативті тәсілдемесі үшін рахмет айтамыз", – дейді Федоров ауданындағы Костряков жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Мария Ковальчук.
Осы жылдың соңына дейін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні аясында шеберлік сағаттары, дәрістер өткізіледі, онда Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері бизнесті құрудың тәжірибесі туралы айтып береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓