«Қостанай-Алматы» жолаушылар пойызы «Тобыл» атауымен қатынайды

Бүгіннен бастап №43/44 «Қостанай-Алматы» жолаушылар пойызы фирмалық дәрежесін алып, «Тобыл» атауымен қатынай бастайды.Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
1414727728_high-speed-train«Тобыл» – бесінші отандық фирмалық пойыз (осыған дейін «Бәйтерек», «Отырар», «Маңғыстау», «Каспий» іске қосылды) және ол фирмалық пойыздардың барлық талаптары мен стандарттарына сай вагондардан жасақталған.
Вагондар қыста және жазғы маусымда оңтайлы температураны қамтамасыз ететін ауа баптау және жылыту жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар олар вагон ішіндегі температура, нақты уақыт туралы ақпарат беретін жарық диодты тақталармен қамтылған.
Стандартты қызметтерден бөлек купелік вагондардың жолаушыларына қосымша санитарлық-гигиеналық топтамалар, купелік және плацкарттық вагон жолаушыларына шай топтамалары (кофе, шай, қант, қасықтар, бір рет пайдаланатын стақандар), балалар топтамалары ұсынылады.
Вагондар жаңа төсек-орын жабдықтары, столдарға арналған жаюлар, кілемше, киімге арналған ілгіштер сынды жоғары сапалы керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жолаушылар тоңазытқыш, қысқа толқынды пештер мен сейф қызметін пайдалана алады.
Фирмалық пойыздың қызмет тізімінде жаңа баспасөз өнімдері, суы бар диспенсерлер, вагон-мерамхананың кеңейтілген ас мәзірі, жолаушыларды электрондық билетпен пойызға отырғызу (жолаушыны отырғызуды автоматтандырылған бақылау) бар.
Пойыз ірі станциялардан аттанған кезде мониторлар арқылы жолда жүру ережелері мен өзге де қажетті ақпараттар жарияланады.
Пойыз құрамында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған және кез келген биіктіктегі платформадан вагон ішіне енуге мүмкіндік беретін арнайы көтергіш құрылғысымен жабдықталған вагон бар. Осы санаттағы азаматтардың кеңейтілген купесінде мүгедектер арбасына орын, купе ішінде жүріп-тұруға мүмкіндік беретін жақтаулар мен ақпараттық тақта орнатылған.
 
Мешіт Ғазиз

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓