Бағдарлама аяқталып, бюджет орындалды

Қостанай облыстық мәслихаты бесінші шақырылымының кезекті сессиясында  2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру  қорытындысы, 2013 жылға арналған облыстық бюджетінің орындалуы туралы мәселелер  қаралды.
Бірінші мәселе төңірегінде облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Е. Файзулин, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы Е.Пархоменко, ал,  өткен жылғы бюджеттің орындалуы жөнінде  облыстық қаржы басқармасының жетекшісі С. Аймұхамбетова баяндама жасады. 
Ең алдымен  құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасы бойынша облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Е. Файзулин баяндама жасады. Оның айтуынша, 2013 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстылық 13,6 пайызға өскенімен, бұл   пайыз шағын және орташа ауыр қылмыс саны есебінен жоғарлап отыр.  Ал,  аса ауыр қылмыс саны 19 пайызға төмендеді.  Нашақорлық пен есірткіге қарсы қылмыстылықтың алдын алу жұмыстары бойынша біршама шаралар ат-қарылды. Өткен  үш жылғы бағдарламадағы көрсеткіштерге қарағанда  бүгінде  құқық бұзушылықтың кейбір көрсеткіштері төмен деп айтуға болады. Сонымен бірге  облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Е.Файзулиннің пікірінше, бұл өңірлік бағдарлама ұзақмерзімдік бағдарлама болмауы да үлкен әсер береді, сондықтан да  бір-екі жылдың ішінде құқық бұзушылықты полицейлердің көмегімен төмендетуге болатыны рас.
Заңсыз айналымнан есірткі құралдарының көп мөлшері алынды (21 пайыз). Қылмыстылықтың алдын алу жағдайы барысында  учаскелік инспекторлардың да атқарған жұмыстары айтарлықтай.  Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау мәселесі де назардан тыс қалмады.   Мысалы, полицейлер жұмыс үшін  бір млрд. теңгеден астам қаржыға бейнетіркеуіштер мен алкотестерлер сатып алынды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аманның айтуынша,  алдағы бір-екі жыл ішінде  полицейлердің материалдық-техникалық базасын одан әрі жаңғыртуға, жабдықтауға үлкен мән беріледі.
Қостанай облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының бастығы Е. Пархоменконың ай-туынша, қылмыстылық бойынша облысымыз алдыңғы қатарда көрінеді. Әрине, оның да өзіндік себептері бар.  Бағдарлама негізінен 2011 жылы қабылданды, 2013 жылға дейін бұл бағдарлама  бойынша  жұмыстар, шаралар толығымен орындалмаған да екен. Статистикаға жүгінсек, облысымыз қылмыстылық деңгейі жоғары деп саналатын  үш өңірдің соңынан келеді. Бұл арада  он мың  адамға шаққанда жасалған қылмыс есебі алынды. Себебі, республика бойынша орташа есеппен алғанда қылмыстылық 198 құраса, 2013 жылы Қостанай облысында ол көрсет-кіш 300,  яғни біздің көрсеткішіміз республикалық орташа есептен жоғары болып отыр. Бүгінде  полицейлердің кәсіби біліктілік даярлығы да, геоақпарттық жүйелермен қамтамасыз ету де маңызды екен.  Өйткені ақпараттық жүйе инновациясы қызметкерлердің жұмысының тиімділігін арттырады.
Ал, облыстық қаржы басқармасының жетекшісі С. Аймұхамбетованың айтуынша, 2013 жыл-ғы облысымыздың  қаржылық жоспарының кіріс бөлігі 58,3 млн. теңгеге орындалды.  Алайда, бюджет түсімі трансферттерді есепке алмағанда  2012 жылға қарағанда 473,8 млн. теңгеге аз  болды, оның  өзіндік себебі бар екен, Троицк ГРЭС-нің  қоршаған ортаға төлейтін  төлем эмиссиясының көлемі төмендеді. Ал,  шығыс бөлігіне келер болсақ, ол 99,7 пайызды құрады. Республикалық бюджеттен бөлінген 319 млн. теңге және жергілікті кірістің 166 млн. теңгесі  игерілмей қалды.  Бөлінген қаржыны игермегендердің қатарында ауылшаруашылық, білім, кәсіпкерлік, энергетика және тұрғын үй  және коммуналдық шаруашылық басқармалары бар. Бірі мемлекеттік сатып алу барысында үнем жасаса, екін-шілері медігерлік жұмыстарды дер кезінде орындамаған.
– Сондықтан да ең алдымен біз инвестициялық жобалардың  орындалу барысында мердігерлік  жұмыстардың  ретін қадағалауымыз керек. Сол секілді дер кезінде  араласып, шара қолдануымыз да қажет, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аман бұл мәселеге орай.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓