Арқалық қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды

Елбасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №983 Жарлығына сәйкес Қостанай облысына қарасты Арқалық қалалық сотының төрағасы болып К. Т. Ақшалов тағайындалды.
К Көшербай Тұрсыныұлы 1960 жылы 8 қазанда Қостанай облысының Комсомольский ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мәскеу қаласындағы заң институтын бітірген.
 Еңбек жолын Қостанай облысы Комсомолский ауданы "Бурлинский" астық совхозында механизаторлықтан бастаған. Отан алдындағы міндетті әскери борышын өтеген. 1983 – 1994 жылдар аралығында Қостанай облысының ішкі істер басқармаларында шұғыл – басқарма қызметтерін атқарған. 1994 жылдан бастап "Агротехник", "Ақбидай агро" ЖШС, Қазақ ұлттық "Астық Индустриясы" компанияларында заңгер – кеңесші болып жұмыс жасайды. 2007 жылдан 2014 жылдың 26 желтоқсанына дейін Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының судьясы лауазымын атқарған. Отбасылы. Үш бала тәрбиелеген.
Суретте: Арқалық қалалық сотының жаңа төрағасы К. Ақшалов.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓