Қостанай облысының әкімі Н.М.Садуақасовтың халықпен есеп беру кездесуі өтеді

"Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес2015 жылғы 18 ақпанда Қостанай облысының әкімі Н.М. САДУАҚАСОВТЫҢ өңір тұрғындарымен дәстүрлі кездесуі өтеді
 
1411531111_6537-fbpostОблыс әкімінің есеп беру кездесуі алдында 2015 жылғы 12 қаңтардан бастап 3 ақпанды қоса алғанға дейін халықтан сұрақтар, ұсыныстар, ескертпелер мен үнқатулар қабылдау ұйымдастырылады.
Азаматтар өз өтініштерін облыс әкімі аппаратының пошталық мекенжайына: 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 66, электрондық мекенжайына: akim@kostanay.gov.kz, облыс әкімінің блогына – www.blogs.kostanay.gov.kz, 8 (7142) 57-50-84, 57-50-57 қауырт желі телефоны бойынша жібере алады, облыс әкімі аппараты ғимаратының вестибюлінде орнатылған арнайы жәшікке сала алады.
Қостанай облысы әкімінің аппараты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓