Мүйіз жинауға келіп…
ОІІД табиғат қорғау полициясы және "Охотзоопром" қызметкерлері бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.
11 мамыр күні Жанкелдин ауданының аумағында ақтөбелік екі жігіт ұсталды. Олар ақ бөкеннің мүйізін жинауға келген. Өлген жануарларды қазып алып, мүйізін кескен. Барлығы 58 мүйіз тәркіленді. Аталмыш факті бойынша тергеу алды тексеріс жүргізілуде.