Асхана қыз ұзататын орын емес

Дана халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін жаңашалаймыз деп жүріп, ескімізге зәру болып қалдық. Оқырмандар: "Неге олай дейсің?" деуі мүмкін.  Мұны  нақты дәлелдерге сүйеніп айтып отырмын.
Мәселен, қыз ұзатушы тарап  үлкен тойхана, асхана жалдағанда, бәленше қызын  анау әйдік тойханада атқарыпты деген мақтан үшін ғана өткізе ме деймін. Дұрыс-ақ. Әлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады, байлығы тасығандар  не істеймін десе де еркі. Ал өзгесіне не жорық?  Күннің көзін алақанмен жаба алмайсың. Әлі жетпейтіндер әлі көп. Отырып қалған қыз да көп. Бұл  шындық.
9d2cb1ad1f469ee1ea2eb5b134098045Халқымыз  қыз баланы бұрын  қалай ұзатқан еді. Дәл сондай болмағанымен қазақтың нағыз  қыз ұзату дәстүрін қалпына келтірсе, несі айып?!.
Қыз – жат жұрттық. Сондықтан оны  даладан ұзатып жіберуге болмайды. Оған мен өз басым үзілді-кесілді қарсымын.
Мына екі құда мен  құдағиларым қыздарын той бітісімен машинаға отырғызып жіберді. Халқымызда  "Қыздың сыңсуы" деген бар емес пе. Сыңсу деген сөз қыздың әке-шеше, ата-әже, аға-іні, сіңілісі, туған туыстарымен қоштасуы, көрісуі дегенді білдіреді.  Ендеше,  тұрмысқа кетіп бара жатқан қыздар өз үйінен, өз босағасынан қоштасып шықпай ма? Солай аттануы керек емес пе.
Тойханадан кетіп бара жатқан жас жұбайлар "Қош сау болыңдар, келіп тұрамын" – деп әке-шешесін жұбатып кетті де отырды. Бұл, меніңше, мүлде қате.  Менің айтайын дегенім, кім болса да  тойын асхана һәм шатханада-ақ  тойлай берсін.
Бірақ, қыз тойханадан аттанбасын. Өйткені, тойхана мен асхана қыз ұзату орны емес. Дәстүрімізді ұмытпайық, ағайын!
Осыған  сіздер не айтасыздар, құрметті оқырман?   
 Жолдыбай Шәкірұлы,
          зейнеткер.
Қостанай қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓