Академиядағы «Жайдарман»

Жастар арасында қазақ тілі мен  ұлттық мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келе жатқан «Жайдарманның» Академия ішінде бастау алып жатқанына қуанышымыз шексіз. Жайдарман дегеннің өзінде езуге күлкі ұялайды.
IMG_7464 Көрерменге өз әзілін силаған, әртістік қабілеттері мен ерекше тапқырлығын шыңдаған жайдарманшылар үшін Академияда өткізілген әзіл мерекесінің ерекше маңыздылығын айта кетпеуге болмайды. Ағымдағы жылы  Қостанай академиясында курстар арасында өткізілген жайдарман ойынында төрт үздік команда бақтарын сынады. Бұған дейін курс ішінде өткізілген жайдарманнан топ жарған командалар іріктеліп алған-ды.  Жиналған қауым алдында 1 курстың «Сіздер үшін», 2 курстың атынан  «Академия қырандары», «Күлкі сақшылары» және де 3 курстың «Көңілді жігіттері» қомандалары өз өнерлерін көрсетті.
Жайдарманшылардың ойынын бағалауға Қазақстан КВН одағы Қостанай КВН филиалының директоры Марғұлан Бәкіров, «Полицейская академия» КВН командасының экс- капитаны Тимур Толыбаев, «Сарыарқа» республикалық лигасының чемпионы, белгілі жайдарманшы Байболат Сегізбаев шақырылды.
    IMG_7390 Қиял-ғажайып тақырыбындағы сәлемдесу, еркін тақырыптағы фото ширату, тарих тақырыбындағы үй тапсырмасы  жайдарманшылар ойынының негізі болды. Сайыста жайдарманшылардың өнерімен қатар дайындығы, тапқырлығы, сахналық мәдениеті мен этикалық талаптарының сақталуы сыналды. Ойын қортындысы бойынша жеңімпаз, бас жүлденің иегері  болып 3 курстың «Көңілді жігіттері»  командасы иеленсе, екінші және үшінші орынды 2 курстың  «Академия қырандары» мен «Күлкі сақшылары» командалары жеңіп алды.
    Ал, «Ең үздік жайдарманшы» 3 курс тыңдаушысы Аслан Қасымов атанды. Әділқазылар алқасының осындай әділ шешіміне жайдарманшылар дән ризашылықтарын білдірді. Оқу ордасының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов та ойынды көрермен ретінде тамашалады.  Ол өзінің оң бағасын  да білдіріп, болашақта жайдарманшыларға  мүмкіндігінше  қолдау көрсететіндігін айтты.
    IMG_7508 Жайдарманның жалындауына өз үлестерін қосқан Руслан Аужанов және Ләззат Нұралина барша жайдарманшылардың атынан алғысымызды білдіреміз. Айта кететін жайт, тыңдаушылар арасынан жайдарманның ұйымдастырылуына ат салысқан 2 курс тыңдаушысы Бақдәулет Асановтың еңбегі ерен.  Осындай қарқын алған жайдарманшыларымызды болашақта жайдарман республикалық лигасының сахнасынан көреміз деген үміттеміз.
 
 Манар Қабай,
Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының
КОФ 2 курс тыңдаушысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓